Logo
Іздеу
Айдарлар

Атырау облысында шенеунік өзін атып өлтірді

/
Атырау облысында шенеунік өзін атып өлтірді
Сурет: ашық дереккөзден

Атырау облысының Құрманғазы ауданында 36 жастағы жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Қуаныш Имашев өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, ол отбасылық жанжалдан кейін аңшы мылтығымен өзін атып жіберген.

Әріптестерінің айтуынша, марқұм сабырлы әрі еңбекқор мемлекеттік қызметші болған. Денесі сараптамаға жіберілді, ал отбасы қоштасуға дайындалып жатыр.

Полиция департаменті оқиғаның болғанын растады: «Өзін-өзі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Аудан әкімдігінен пікір алу әзірге мүмкін болмады.