Қайғылы оқиға 31 қазанда Докучаево ауылында болған. Мас күйдегі жергілікті тұрғын жалақы қарызын сұрау үшін фермердің үйіне келген, деп хабарлайды Arasha.kz.
Кәсіпкер кездесу кезінде қолына мылтық алып, аспанға оқ атқан. Сол сәтте жұмысшысы мылтықты жұлып алып, фермердің басы мен ішіне екі рет оқ атты.
Ауыр жарақат алған фермер оқиға орнында көз жұмды. Күдікті қашып кетпей, полицияны өзі күтіп алған.
«Оқиға үлкен резонанс тудырды. 22 жастағы күдікті ұсталды. Полиция 52 жастағы Докучаево ауылы тұрғынының өлім себебін анықтап жатыр», — деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Бұған дейін Жамбыл облысында тойда жаппай төбелес пен атыс болған еді. Қонақтар арасындағы сөз таласы жанжалға айналып, кейін атыс басталған. Нәтижесінде төрт жігіт оқ жарақатымен ауруханаға түскен.