Logo
Іздеу
Айдарлар

Англияда пойызда адамдарға шабуыл жасалып, 10 адам жарақат алды

/
Англияда пойызда адамдарға шабуыл жасалып, 10 адам жарақат алды
Сурет: JUSTIN TALLIS/AFP

Англияның Кембриджшир графтығында пойыз ішінде пышақпен шабуыл жасалып, 10 адам зардап шекті. Олардың тоғызы өміріне қауіп төндіретін жарақат алған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқиға сенбі күні кешкее Донкастер қаласынан (Англияның солтүстік-шығысы) Лондондағы King’s Cross вокзалына бағыт алған пойызда болған.

Шабуыл туралы хабар түскеннен кейін төтенше қызмет мамандары көптеп Кембриджширдегі Хантингдон станциясына келген. Пойыз сол жерде жоспардан тыс тоқтаған.

Полицияның мәліметінше, тоғыз адам ауруханаға ауыр жарақаттармен жеткізілген, тағы бір адам өміріне қауіп төндірмейтін жарақат алған.

Оқиғаға байланысты екі адам ұсталып, қамауда отыр.

Тергеу антитеррорлық бөлімшенің қатысуымен жүргізілуде. Полицияның хабарлауынша, осы аймақта пойыз қозғалысы уақытша тоқтатылған, сондай-ақ автокөлік қозғалысына да шектеулер енгізілген.