Logo
Іздеу
Айдарлар

Өскемен тұрғынына уақыт белдеуін ауыстыруға қарсы митинг өткізуге бір жылдан кейін рұқсат берілді

/
Өскемен тұрғынына уақыт белдеуін ауыстыруға қарсы митинг өткізуге бір жылдан кейін рұқсат берілді
Сурет: ашық дереккөзден

Өтініш бергеннен кейін шамамен бір жыл өткен соң, митинг ұйымдастырушы Леонид Карташевқа акцияны 5 қараша күні сағат 17:00-ден 18:00-ге дейін Назарбаев даңғылында өткізу ұсынылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл туралы белсенді әлеуметтік желілерде жазып, құжаттың фотосын да жариялаған. Алайда Леонид Карташев белгіленген уақыт пен орынмен келіспейтінін айтып, митинг күнін және уақытын қоғам ұсынған нұсқаларға сәйкес бекітуді талап етуде.

Қазақстан бірыңғай UTC+5 уақыт белдеуіне 2024 жылдың 1 наурызында өткен болатын. Уақыт ауысқаннан кейін тұрғындар күннің ерте бататынына наразылық білдіре бастады. Әлеуметтік желілерде адамдар бұл туралы жаппай бейнежазбалар мен үндеулер жариялады, бірақ үкімет шешімін өзгертпеді.

Мысалы, қазіргі уақытта Өскеменде күннің батуы сағат 16:00-де тіркеледі. Сондықтан шығысқазақстандықтар бұрынғы уақыт белдеуін қайтару мәселесін қайта көтеріп отыр.