Logo
Іздеу
Айдарлар

Талдықорған маңында әскери «Урал» жеңіл көлікпен соқтығысты

/
Талдықорған маңында әскери «Урал» жеңіл көлікпен соқтығысты
Сурет: HALYQSTAN

Кеше шамамен 15:30 шамасында Алматы – Өскемен республикалық тасжолында, Талдықорған ипподромының маңында ірі жол апаты болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Әскери «Урал» жүк көлігіне ресейлік нөмірі бар жеңіл автокөлік соғылған. «Урал» көлігінде әскери қызметшілер мен мерзімді сарбаздар болған.

Куәгерлердің айтуынша, соққы көліктің шамамен ортасына, яғни жанармай багы орналасқан бөлігіне тиген. Соқтығысудан кейін багтан дизель отыны аға бастаған, деп жазды Halyqstan телеграм арнасы.

Сержант өрт шығу қаупіне байланысты сарбаздарға тез арада көліктен секіріп түсуге бұйрық берген.

Сарбаздар болуы мүмкін жарылыстан қашып, борт арқылы секіре бастаған. Солардың бірі асфальтқа құлап, ауыр жарақат алған.
Дәрігерлер оған алғашқы көмек көрсетіп, қазіргі жағдайы тұрақты екені хабарланды.