Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында Каспий теңізі жағалауынан экология департаментінің мамандары 112 өлі итбалықты анықтады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ведомство мәліметінше, 3 қараша күні Ақтау тұрғындарынан теңіз жағасына шығып қалған итбалықтардың өлекселері туралы хабар түскеннен кейін, зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің қызметкерлері оқиға орнына барып тексеріс жүргізген.
«Балық инспекциясы басқармасымен бірлесіп, Асан елді мекенінен Баутин мүйісіне дейінгі жағалау сызығына мониторинг жүргізу барысында Каспий итбалықтарының өлекселері табылды. Оның ішінде 39-ы — Асан мен Форт-Шевченко қаласының жағажайы арасынан, ал 73-і — жағажай мен Баутин мүйісі арасынан анықталды», — деп хабарлады департамент.
Сонымен қатар мамандар теңіз суынан зертханалық талдау үшін сынамалар алып, оқиға туралы мәліметті 112 қызметіне жолдаған.