Қазақстанға этникалық қазақтардың көшіп келу процессі қалай жүріп жатыр? Тілшіміз ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегіне көз жүгіртіп көрді.
Аталған министрлік мәліметтері бойынша соңғы бес жылда қандастардың отанға оралуы көбейген. Мысалы 2020 жылы 13 мыңнан аса адам тарихи отанына көшіп келсе, 2024 жылы олардың саны 19 705-ке жеткен. Осы уақыт ішінде елге 2023 жылы (21 332 адам) ең көп қандас оралған екен. Ал биыл он айдың нәтижесіне көз жүгіртсек, осы уақытқа дейін 11 мыңнан астам адам тарихи отанына оралыпты.
Сонда 2020 жылдан бері ата-бабасының топырағына 102 336 қазақ оралған екен. Бұл ендігі Қазақстанның гүлденуіне, дамуына өз үлесін қосатын азаматтар деген сөз.