Logo
Іздеу
Айдарлар

«Еңбек адамы» жобасы кімге пайдалы? Вице-министр жобаның нақты мақсатын түсіндірді

/
«Еңбек адамы» жобасы кімге пайдалы? Вице-министр жобаның нақты мақсатын түсіндірді
Сурет: Рixabay

«Еңбек адамы» жобасының нақты қандай пайдасы бар? Қарапайым еңбек иелеріннің, яғни, ұстаз, дәрігер, құрылысшы, фермер, тағы басқа мамандардың тұрмысы мен еңбек құқығына әсірі бар ма? Бұл сұрақты тілшіміз Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаевқа қойды. 

«Осы жылы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «жұмысшы мамандықтар жылы» болып жарияланды. Біз осы жылдың басынан бастап облыстармен бірге «еңбек адамы» байқауларының біразын өткіздік. Осы қыркүйек айында біз еңбек күнін атап өттік. Жылдың соңында, яғни желтоқсан айында жұмысшы мамандықтар жылын аяқтап, қорытынды шығарамыз. 

Оның басты мақсаты ‒ қарапайым еңбек адамдарының қоғамдағы мәртебесін арттыру, олардың еңбектерін насихаттау және еңбекке құрмет мәдениетін қалыптастыру. Бұл жерде қарапайым жұмысшылардың, мысалы фермер болсын немесе зауытта жұмыс істейтін мамандар болсын, ең басты мақсат ‒ жастарды тарту. Екіншіден, еңбек адамдарының құқықтарын қорғау мен еңбек қауіпсіздігіне жағдай жасау. Ол да басты мәселе. Бізде Үкіметтің қаулысымен бекітілген арнайы концепция бар. Сол концепцияда еңбек қауіпсіздігін көтеру және жақсарту жағынан шаралар қолданылып отыр. «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында қазір осы шаралар ең маңызды болып талқыланып, жанжақты сарапшылар мен өкілдермен пысықталып отыр», ‒ деді вице-министр Асқарбек Ертаев.