Logo
Іздеу
Айдарлар

Түркістан облысында болған атыстан бір адам қаза тауып, үшеуі жараланды

/
Түркістан облысында болған атыстан бір адам қаза тауып, үшеуі жараланды
Сурет: Рixabay

2 қарашаға қараған түні Түлкібас ауданында атыс болып, бір адам қаза тапты, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Arasha.kz.

«2 қарашаға қараған түні Түлкібас ауданында атыс қаруы қолданылған оқиға тіркелді. Нәтижесінде бір адам көз жұмды, тағы үшеуіне медициналық көмек көрсетілуде. Оқиға орнына аудандық полиция бөлімінің басшылығы мен жедел-тергеу тобы дереу аттанды. Жедел шаралар барысында күдіктілердің тұлғалары қысқа уақытта анықталып, олардың бірі ұсталып, қамауға алынды», — деп мәлімдеді Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған дерек бойынша «Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және екінші күдіктіні ұстау мақсатында тергеу жүргізіліп жатыр.

Істің тергелуі Түркістан облысы ПД басшылығының ерекше бақылауында.