Logo
Іздеу
Айдарлар

Қазақстанда билік теңгерімін нығайтатын қағидат бекітілді

/
Қазақстанда билік теңгерімін нығайтатын қағидат бекітілді
Сурет: pexels

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жарлықта елдің ішкі саясатындағы басты ұстанымдардың бірі – «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» қағидаты. Бұл формула билік тармақтарының өзара тиімді және үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталғаны айтылған.

Қағидатқа сәйкес, Президент институты мемлекеттік басқару жүйесінің өзегін құрайды. Мемлекет басшысы ел дамуының стратегиялық бағытын айқындап, реформаларды жүзеге асыру бастамаларын көтереді және ішкі-сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын белгілейді.

Парламент азаматтардың мүддесін білдіріп, қоғамдағы маңызды мәселелерді ашық талқылауға жағдай жасайды. Сонымен қатар, заң шығару арқылы ел өмірін реттейтін негізгі шешімдерді қабылдайды.

Үкімет атқарушы билік жүйесін басқарып, қабылданған реформалардың нақты жүзеге асырылуына жауап береді.

Бұл басқару моделі билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік пен өзара жауапкершілікті сақтай отырып, әділ және тиімді мемлекеттік құрылым қалыптастыруға бағытталған.