Logo
Іздеу
Айдарлар

Президент Вашингтонға сапармен барды

/
Президент Вашингтонға сапармен барды
Сурет: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландау күтіп алды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мемлекет басшысы Президент Дональд Трамппен келіссөз жүргізіп, «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысады.

Бұл — С5+1 форматындағы екінші кездесу болмақ. Алғашқысы 2023 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында АҚШ президенті қызметін Джо Байден атқарған кезде Нью-Йоркте өткен еді.

Қатысушылар экономикалық ынтымақтастықты, энергетика, цифрлық сала мен көлік бағытындағы бірлескен жобаларды, сондай-ақ пайдалы қазбаларды өндіру мен өңдеу мәселелерін талқылауды жоспарлап отыр.