Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

Қазақстан Алатауда аэротакси жүйесін іске қосу үшін eVTOL электрлі ұшақтарын сатып алмақ

Қазақстан Алатауда аэротакси жүйесін іске қосу үшін eVTOL электрлі ұшақтарын сатып алмақ
Сурет: ашық дереккөзден

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, америкалық Joby Aero, Inc. компаниясы, Alatau Advance Air Group Ltd. және кәсіпкер Вячеслав Ким өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Құжат аясында жаңа Алатау қаласында аэротакси жүйесін құру мақсатында шамамен 300 млн АҚШ долларына eVTOL электрлі ұшақтарын сатып алу қарастырылған.

Бұл тік ұшып-қона алатын инновациялық әуе көліктері Қазақстандағы алғашқы қалалық әуе мобильдігі (Urban Air Mobility) жобасының негізін қаламақ.

Жоспар бойынша, сынақ және сертификаттау алаңы құрылады, демонстрациялық ұшулар өткізіліп, аэротакси Алатау мен Алматы қалаларының көлік жүйесіне біріктіріледі.