Logo
Іздеу
Айдарлар

Ресейлік әскери қылмыскер Дмитрий Курашов өмір бойына бас бостандығынан айырылды

/
Ресейлік әскери қылмыскер Дмитрий Курашов өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Сурет: ашық дереккөзден

Украинада 26 жастағы ресейлік әскери қызметкер Дмитрий Курашов украиналық тұтқынды атып өлтіргені үшін өмір бойына түрмеге жабылды. Ол соғыс заңдары мен дәстүрлерін өрескел бұзып, әдейі кісі өлтіргені үшін айыпталған, деп хабарлайды Arasha.kz.

«2024 жылдың 6 қаңтарында Запорожье облысының Пологи ауданына қарасты Приютное ауылындағы украин позицияларына шабуыл кезінде Курашов бастаған топ 127-бригаданың жауынгерлерін тұтқынға алған. Солардың бірі, 41 жастағы украин жауынгер Виталий қаруын тастап, қолын көтеріп берілген. Курашовтың талабымен ол тізерлеп отырды, содан кейін ресейлік әскер оны үш рет атып өлтірді», - деп жазды «Хочу жить» телеграм арнасы.

Бірақ бірнеше сағаттан соң Курашовтың өзі де, оның серіктері де украин күштерінің тұтқынына түскен. Украин сарбаздары олардың жасаған қылмысын білсе де, ешкімге қол көтермеді. Тергеу барысында Курашовтың әріптестері оған қарсы куәлік берген.

2025 жылдың 6 қарашасында Запорожье соты үкім шығарып, Дмитрий Курашовты өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті.