Logo
Іздеу
Айдарлар

Зейнетақы қоры ел асыға күткен қуанышты жаңалығын хабарлады

/
Зейнетақы қоры ел асыға күткен қуанышты жаңалығын хабарлады
Арман Мухатов

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) жинақтарды пайдалану мүмкіндігі кеңейтіледі. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі әзірлеген жаңа заң жобасында айтылған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жаңа өзгерістерге сәйкес, енді салымшылар өз зейнетақы жинағын:

  • ипотеканың ай сайынғы төлемін азайтуға;
  • несиенің мерзімін қысқартуға пайдалана алады.

Министрліктің түсіндіруінше, бұған дейін зейнетақы қаржысымен ипотеканың негізгі қарызын да, үстіндегі пайызын да өтеуге рұқсат етілген еді. Ал енді жаңа ережеге сай, БЖЗҚ қаржысын тек негізгі қарызды жабуға ғана қолдануға болады, ал пайыздық бөлігін өтеуге рұқсат берілмейді.

Құжатта мұндай өзгерістердің қабылдануына жаңа Салық кодексі себеп болғаны көрсетілген. Еске салайық, 2026 жылдан бастап зейнетақы қорынан төленетін және тұрғын үй немесе емделу мақсатында пайдаланылатын біржолғы төлемдерден жеке табыс салығы (ЖТС) ұсталмайды.

Бұған дейін мемлекет қордан алынған қаржының белгілі бір бөлігін салық ретінде ұстап қалатын, ал енді азаматтар жинақтарын толық көлемде пайдалана алады. Осы салықтық жеңілдіктерді ескере отырып, министрлік БЖЗҚ қаржысын пайдалану тетіктерін кеңейтіп отыр.

Заң жобасы 21 қарашаға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Ведомствоның мәліметінше, бұл өзгерістердің басты мақсаты – біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану процесін жеңілдету және тиімді ету, сонымен қатар азаматтарға тұрғын үй жағдайын жақсартудың қосымша мүмкіндіктерін ұсыну.