Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
RU
Жаңалықтар

Сүйінші, ағайын! Қазақстан халқының саны рекордтық деңгейге жетті

Сүйінші, ағайын! Қазақстан халқының саны рекордтық деңгейге жетті
pixabay.com

Қазақстан халқының саны 2025 жылдың 1 қазанына қарай 20 445 231 адамға жетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жыл басынан бері ел тұрғындарының саны 161 832 адамға артқан. Оның ішінде:

  • табиғи өсім есебінен – 151 632 адам,
  • көші-қон есебінен – 10 200 адам.

Бюроның дерегінше, қазіргі таңда Қазақстанның жеті өңірінде халық саны 1 миллионнан асқан. Олар:

  • Алматы қаласы – 2 337 023 адам
  • Түркістан облысы – 2 148 207 адам
  • Астана қаласы – 1 612 512 адам
  • Алматы облысы – 1 586 875 адам
  • Шымкент қаласы – 1 286 087 адам
  • Жамбыл облысы – 1 216 849 адам
  • Қарағанды облысы – 1 131 818 адам