Logo
Іздеу
Айдарлар

Ресей әуе кеңістігінде Тоқаевтың ұшағын Су-35 жойғыштары сүйемелдеп отырды

/
Ресей әуе кеңістігінде Тоқаевтың ұшағын Су-35 жойғыштары сүйемелдеп отырды
Сурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұшағын Ресей аумағында Су-35 әскери жойғыш ұшақтары сүйемелдеп отырды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Мемлекеттік шекарадан өткен сәттен Мәскеу әуежайына қонғанға дейін Ресейдің әуе кеңістігінде Қазақстан Президентінің бортымен бірге РФ Қорғаныс министрлігінің Су-35 ұшақтары қапталдасып ұшты», – делінген сейсенбі күнгі хабарламада.

Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары 11–12 қараша күндері өтеді. Сапар аясында екі ел арасында маңызды құжаттарға, соның ішінде жан-жақты стратегиялық әріптестік пен одақтастық туралы декларацияға қол қойылады деп жоспарланған.