Logo
Іздеу
Айдарлар

Байзақ ауданында 12 оқушы тамақтан уланып қалды

/
Байзақ ауданында 12 оқушы тамақтан уланып қалды
Сурет: ашық дереккөзден

Жамбыл облысы Байзақ ауданының Мырзатай ауылында бірден 12 бесінші сынып оқушысы уланып қалды. Ресми мәліметке сәйкес, олар мектеп маңындағы дүкеннен сатып алынған бургер мен сэндвич жеген, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқушылар сабақ үстінде өзін нашар сезінген, жедел жәрдем оларды тікелей мектептен ауруханаға жеткізді. Байзақ аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөлімінде тексерістен кейін балалар инфекциялық бөлімшеге жатқызылды. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауыр деп бағалады, нашарлау белгілері жоқ.

Ал Жамбыл облысы әкімдігінің мәліметінше, барлық балалар үйлеріне жеткізілген. Аймақ әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасымен оқиға орнында жауапты тұлғалар жұмыс істеп жатыр.

Өңірдің санитарлық-эпидемиологиялық қызметі мен полициясы әзірге тексеріс немесе қылмыстық іс қозғау туралы мәлімдеме жасаған жоқ.