Logo
Іздеу
Айдарлар

Айына миллион теңгеден: Қазақстандағы ең жоғары жалақы алатын мамандықтар

/
Айына миллион теңгеден: Қазақстандағы ең жоғары жалақы алатын мамандықтар
Сурет: Рixabay

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазан айына арналған еңбек нарығының негізгі көрсеткіштерін жариялады. Enbek.kz платформасында жұмыс берушілер 132 мың бос жұмыс орны, ал ізденушілер 114,1 мың түйіндеме орналастырған. Сұраныс қыркүйекке қарағанда 4,5%-ға төмендеген, ұсыныс 12,6%-ға азайғанымен, еңбек нарығы тұрақтылығын сақтап отыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бос орындар бойынша көш бастап тұрған салалар: білім беру (31%), қызмет көрсету (13%) және денсаулық сақтау мен әлеуметтік қорғау (9%). Орта деңгейлі мамандарға арналған бос орындар ең көп (64,4 мың), одан кейін жоғары білікті (34,7 мың) және біліктілігі жоқ (32,9 мың) мамандар.

Өңірлер бойынша ең белсенділік Түркістан облысында, Астана және Жамбыл облыстарында байқалады. Түйіндемелердің жартысына жуығы 34 жасқа дейінгі азаматтардан түскен, әйелдер белсенділігі – 52%.

Ең көп сұранысқа ие мамандықтар: тәрбиеші, бухгалтер, математика мұғалімі, қазандық операторы, егін өсіруші, медбике.

Жоғары еңбекақы ұсынатын лауазымдар: өндіріс бастығының орынбасары (~1 млн теңге), компьютерлік ойындар дизайнері (~990 мың теңге), омбудсмен (~990 мың теңге). Ал ең жоғары еңбекақы күтулері: коммерциялық ұшқыш (~2,8 млн теңге), өрт қауіпсіздігі жөніндегі кенші (~2 млн теңге), басқарма төрағасының орынбасары (~1,8 млн теңге).

Нәтижесінде, басқарушылық және техникалық салаларда ұсынылған және күтілетін еңбекақы арасындағы алшақтық әлі де сақталып отыр.