Logo
Іздеу
Айдарлар

Баланың дамуы мен бақыты: ата-анасының қолдауымен өскен әр балаға қоғамның қамқорлығы қажет

/
Баланың дамуы мен бақыты: ата-анасының қолдауымен өскен әр балаға қоғамның қамқорлығы қажет
Сурет: Рixabay

Баланың жайлылығы алдымен оның ата-анасының жанында болуында. Өкінішке қарай елімізде 20,3 пайыз бала толық емес отбасында өсіп жатыр. Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне қарасақ, Қазақстанда 79,7 пайыз бала толық отбасында ата-анасымен бірге тұрады, дегенмен анасының ғана қарауындағылардың саны 18,1 пайыз болып шықты, ал 2,3 пайыз бала анасымен емес, әкесінің қамқорлығында көрінеді. Бұл алаңдарлық дерек екені рас. 

Психологтар баланың толыққанды отбасында өскені дұрыс деп есептейді. Себебі бір ғана ата-ананың тәрбиесінде өсетін балаларда өзіне сенімсіздік, өзіндік құндылықпен мәселе, әлеуметтік бейімделуген проблема туындауы мүмкін екенін айтады. Дегенмен бес саусақ бірдей емес. Ондай балаларда жоғары жауапкершілік, бауырмалдық пен күшті ұмтылыс байқалатынын да жоққа шығармайды. Баланы «толық емес отбасы баласы» деген кемсітулер сияқты стереотиптерден ада өсіру, оның құқығын қорғау ‒ ата-ананың ғана емес, қоғамның және мемлекеттің жауапкершілігінде.

Балаларды ананың мейірімі мен әкенің қамқорлығынан айырмай, тату-тәтті отбасын құруда отбасы институтын нығайтуда елде жасалып жатқан жұмыстар да аз емес. Мысалы Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы, мемлекеттік гранттар арқылы іске асырылған әлеуметтік жобалар, аймақтардағы «Отбасы қолдау орталықтары», дағдарыс орталықтары, әлеуметтік психологиялық қызметтер жұмыс істейді.