Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду 2026 жылы АҚШ, Канада және Мексикада өтетін футболдан әлем чемпионаты өз мансабындағы соңғы турнир болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
«Келесі әлем чемпионаты менің соңғы турнирім бола ма? Әрине, бұл шындық. Себебі ол кезде жасым 41 -ге келеді. Бұл керемет турнир, мен білмеймін… Бұрын да айтқанмын, мен осы сәттің әр минутынан ләззат алып жүрмін», – деді Роналду Сауд Арабиясында өткен TOURISE туристік форумында Mundo Deportivo басылымына берген сұхбатында.
Криштиану Роналду Португалия құрамасында 2003 жылдың тамыз айынан бері ойнап келеді. Осы уақытқа дейін ол ұлттық құрама сапында 225 матч өткізіп, 143 гол соғып, 46 нәтижелі пас берген. 2016 жылы Роналду Португалиямен бірге Еуропа чемпионы атанып, 2015 және 2019 жылдары УЕФА Ұлттар лигасын жеңіп алған.