Logo
Іздеу
Айдарлар

Михаил Саакашвили ауруханадан шығарылып, түрмеге қайта жеткізілді

/
Михаил Саакашвили ауруханадан шығарылып, түрмеге қайта жеткізілді
Сурет: видеодан скрин

Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили 2022 жылдың 12 мамырынан бері Тбилисидегі «Вивамеди» клиникасында емделіп келген, деп хабарлайды Arasha.kz.

Грузияның арнайы пенитенциарлық қызметінің хабарлауынша, Саакашвилидің денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, сондықтан ол енді стационарлық емдеуді қажет етпейді. Енді ол жазасын жалпы режимдегі түрмеде өтеуді жалғастырады.

Экс-президенттің туыстары мен жақтастары бірнеше рет оның жағдайының нашарлағанын айтып, шетелде емделуіне рұқсат беруді талап еткен. Алайда грузин билігі Саакашвилиге барлық қажетті ем мен күтім көрсетіліп отырғанын мәлімдеген.

Михаил Саакашвили Грузияда бірнеше қылмыстық іс бойынша айыпталған. Олардың екеуі бойынша үкім ол 2021 жылдың қазанында Грузияға оралмай тұрып-ақ шығарылған.

Өз кезегінде Саакашвили тағылған айыптарды саяси астары бар қуғын-сүргін деп санайды.