Logo
Іздеу
Айдарлар

Ұшақтың апаттық есігін өз бетінше ашқан жолаушы 7 млн теңгедей төлейтін болды

/
Ұшақтың апаттық есігін өз бетінше ашқан жолаушы 7 млн теңгедей төлейтін болды
Сурет: Рixabay

Астана–Алматы бағытындағы ұшақ жерге қонып, экипаж траптың келуін күтіп тұрған сәтте бір әйел жолаушы себепсізден-себепсіз авариялық есікті ашып жіберген, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жүйе мұны төтенше жағдай ретінде қабылдап, автоматты түрде үрлемелі сырғанақ ашылған. Соның салдарынан әуе компаниясына қымбат жабдықты ауыстыруға тура келген. Оның құны – шамамен 23 млн теңге.

Air Astana жолаушыны сотқа берген, алайда сот тараптарға мәселені медиативтік жолмен шешуді ұсынды. Нәтижесінде жолаушы мен әуе компаниясы келісімге келді. Келісім бойынша әйел 2025 жылдың 20 қарашасына дейін 6,7 млн теңге өтемақы төлеуге міндеттелді. Ал Air Astana қалған сомадан бас тартты.

Сот медиативтік келісімді бекітіп, істі жапты. Бұл оқиға жолаушылардың қауіпсіздік талаптарын сақтаудың қаншалық маңызды екенін тағы бір еске салды.