Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Оқиға

Кәсіпкерді қорқытып, 700 мың доллар талап еткен адам ұсталды

Кәсіпкерді қорқытып, 700 мың доллар талап еткен адам ұсталды
Сурет: ІІМ

Қарағандыда кәсіпкерді қорқытып, 700 мың доллар талап еткен адам ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz жазды, деп хабарлайды Arasha.kz.

47 жастағы кәсіпкер белгісіз адамдардың өзін және отбасын қорқытып, мүлкіне зиян келтіргенін және 700 мың АҚШ долларын талап еткенін айтып, полицияға шағымданған.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел шаралар нәтижесінде 30 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу соты күдіктіні қамауда қалдыру туралы шешім шығарды.

Қылмыстық істің тергеуі жалғасып жатыр.