Теміртау қаласында Қарағанды облысының ТЖД құтқарушылары жедел жәрдем бригадасымен бірлесіп, белгісіз жағдайда жардан құлап кеткен 14 жастағы жасөспірімге көмек көрсетті, деп хабарлайды Arasha.kz сайты ҚР ТЖМ-не сілтеме жасап.
«Құтқарушылар Көктасты карьердегі оқиға орнына жедел жетіп, алғашқы медициналық көмек көрсетті және зардап шеккен баланы таулы аумақтан абайлап түсірді», — деп мәлімдеді ТЖД.
Кейін жасөспірім ары қарайғы көмек үшін жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылды.
ТЖМ қазақстандықтарды таулы және қол жетуі қиын жерлерге барғанда барынша мұқият болып, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерін елемеуге жол бермеуге шақырады.