Logo
Іздеу
Айдарлар

Каспий теңізінің ауданы 36 мың шаршы километрге қысқарды

/
Каспий теңізінің ауданы 36 мың шаршы километрге қысқарды
Сурет: pexels

2025 жылдың қыркүйек айындағы жағдай бойынша, Қазақстан жағалауындағы Каспий теңізінің орташа деңгейі минус 29,31 метрді құрады. Соңғы он сегіз жылда оның беткі аумағы 36 мың шаршы километрге азайған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Биыл қыркүйекте теңіздің солтүстік-шығыс бөлігіндегі (Қазақстанның бақылау станциялары орналасқан аймақ) орташа деңгейі минус 29,15 метр болды, ал шығыс бөлігінде – минус 29,46 метр.

Өткен жылмен салыстырғанда Каспий деңгейінің төмендеуі байқалады: солтүстік-шығыс бөлігінде – 20 сантиметрге, шығыс бөлігінде – 17 сантиметрге төмендеген.

Қазақстан аумағында жағалау сызығы кей жерлерде 30–35 шақырымға шегінген.

Ең осал аймақтар ретінде Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігі, Жайық өзенінің құйатын және Маңғыстау облысының жағалауы аталады.