Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Оқиға

Батыс Қазақстанда жан түршігерлік жол апатынан сегіз адам қаза тапты

Батыс Қазақстанда жан түршігерлік жол апатынан сегіз адам қаза тапты
Сурет: видеодан скрин

Бүгін Чапай – Жаңғала – Сайхин тас жолында Toyota Camry мен Volkswagen Sharan көліктері соқтығысты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алғашқы мәліметтер бойынша, жүргізушілердің бірі қарсы жолаққа шығып кеткен. Бетпе-бет соққыдан кейін көліктердің бірі өртеніп кетті. Оқиға орнында сегіз адам көз жұмды, тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді.

Қылмыстық іс қозғалды.

«Оқиға орнында полиция қызметкерлері, тергеу-жедел тобы және ТЖМ бөлімшелері жұмыс істеп жатыр», — деп хабарлады БҚО ПД.

Биыл Қазақстанда 29 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Қарсы жолаққа шығу — соқтығысудың негізгі себептерінің бірі болып отыр.