Арман Дүйсеновтің қазасынан кейін көзге түскен жазбалардың бірі – оның марқұм ұлы Абылайға арналған жүрекжарды хат – әлеуметтік желіде қайта тарап, көптің көңілін босатты, деп хабарлайды Arasha.kz.
Бұл хатты Абылайдың сүйіктісі Аруна Асхатқызы бұрын өзінің парақшасында жариялаған. Онда ол сүйген жарынан айрылғандағы жан күйзелісін, сағынышын жасырмай баяндайды.
"Сені жоғалту, Абылай, – өте ауыр. Сен мен үшін жай ғана жақын адам емес едің, менің жанымның бір бөлігіне айналдың. Жүрегім сыздап, жаным ауырады. Сенің енді қасымда жоқ екеніңе әлі күнге дейін сене алмаймын. Қазір екеуміздің фотоларымызға қарап отырмын. Әр суретте қуанышқа, жылулыққа толы өміріміздің сәттері. Бір жағынан жаным жылып, екінші жағынан жүрегім ауырлайды. Сенің күлкің, даусың, жылы сөздерің әлі күнге дейін көңілімде, жанымда естіліп тұрғандай. Бұл естеліктер мен үшін ең қымбат, ең бағалы дүниелер. Солардың арқасында тіпті ауыр күндерім де жарық сезіледі. Сен өміріме көп жарық әкелдің. Маған қуаныш пен мән сыйладың. Мен сені әрдайым есімде сақтаймын. Өмірімді нұрландырған, жүрегімде өшпес із қалдырған адам ретінде. Сенің маған жасаған жақсылығың, мейірімің менің жүрегімде мәңгі жасайды. Пейіштің жарығында бол, жаным. Жаның жәннәтта болсын, Абылайым", – деп жазған Аруна Асхатқызы.