Logo
Іздеу
Айдарлар

Одессада Түрік танкеріне дрон шабуыл жасады

/
Одессада Түрік танкеріне дрон шабуыл жасады
Сурет: ашық дереккөзден

Украинадағы Одесса портында сұйытылған газ тасымалдайтын Түрік танкері дрон шабуылына ұшырап, кемеден 16 экипаж мүшесі эвакуацияланды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Түркия көлік және инфрақұрылым министрлігінің теңіз істері басқармасы мәлімдегендей, «ORINDA» атты Түрік туы астындағы танкер Измаил портында түсіру жұмыстары кезінде соққыға ұшырап, кеме бортында өрт шыққан. Экипаж қауіпсіз түрде кемеден шықты, зардап шеккендер жоқ.

Шетелдік БАҚ мәліметтері бойынша, Румыниядағы Плауру ауылындағы тұрғындар Дунай өзенінің қарсы жағында орналасқан Измаил жағалауында танкерге дрон тиіп, қауіп төнген соң эвакуацияланған.