Түркістан облысы Жетісай ауданында жеке үйде өрт шықты. Оның салдарынан 12 адам қаза тапты, олардың тоғызы — балалар. Үш адам аман қалды: екеуі ересек, бірі бала, деп хабарлайды Arasha.kz.
Жергілікті билік мәліметтері бойынша, қаза болған балалар 2009, 2010, 2012, 2015, 2017, 2019 және 2021 жылдары туған. Ең кішісі 2024 жылы дүниеге келген.
Қаза болған бес бала бір отбасынан шыққан — үш қыз және екі ұл. Екінші отбасынан бір қыз бала аман қалды, ол 2018 жылы туған.