Алматы облысында жасөспірім өз қатарласын өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Arasha.kz.
«Талғар ауданының кәмелетке толмаған тұрғынының өліміне әкеп соққан дене жарақатын келтіру дерегі бойынша полиция қызметкерлері қылмыстық іс тіркеді. Күдікті – кәмелетке толмаған адам, оқиға орнында дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеу мақсатында кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде», – деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Мәліметке сәйкес, тергеу департамент басшылығының ерекше бақылауында жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.