Қазақстанда 2025 жылдың 24 қарашасынан бастап несие беру ережелері қатаңдайды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің жаңа қаулысына сәйкес, бірқатар азаматтарға банк пен микроқаржы ұйымдары несие бермейді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Кімдерге несие берілмейді?
Қаулыға сәйкес, келесі жағдайлардың бірі болса, қаржы ұйымдары жаңа несие рәсімдеуден бас тартады:
- 30 күннен астам мерзімі өткен несие қарызы бар тұлғалар;
- 1 күннен асқан мерзімі өткен микронесиесі бар азаматтар;
- Соңғы үш жылда толық қарызы кешірілгендер;
- Соңғы 12 айда несиесі қайта құрылымдалған, бірақ төлем тәртібі жақсармағандар.
Бұл талаптар 2025 жылғы 24 қарашадан бастап күшіне енеді.
"Жоғары тәуекелді" қарыз алушы кім?
Құжатқа сәйкес, төмендегі белгілердің бірі бар болса, жеке тұлға (ЖК-ден басқа) "жоғары тәуекелді" деп танылады:
- Несие тарихы 3 жылдан аз;
- Соңғы 12 ай ішінде 30 күннен асқан қарызы бар және оның сомасы 3 АЕК-тен (11 796 теңгеден) жоғары;
- Үш және одан көп қаржы ұйымында несиесі бар;
- Қарыз жүктемесі табыстың 45%-нан жоғары;
- Несие тарихында теріс ақпарат бар;
- Расталған тұрақты табысы жоқ.
Қарыз жүктемесі қалай есептеледі?
Соңғы 12 айда 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушылар үшін қарыз жүктемесі коэффициенті екі есе төмендетіледі – 0,5-тен 0,25-ке дейін.
Бұл дегеніміз, мұндай азаматтар табысының 25%-дан артық бөлігін несие төлеуге жұмсай алмайды.