Logo
Іздеу
Айдарлар

Бағаны көтерудің 2,5 мыңға жуық фактісі анықталды

/
Бағаны көтерудің 2,5 мыңға жуық фактісі анықталды
Сурет: Рixabay

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың басынан бері елде әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке бағаларды негізсіз өсірудің 2,5 мыңға жуық жағдайы тіркелген, деп хабарлайды Arasha.kz.

Тексерістер нәтижесінде сауда үстемесін 15%-дан асыру бойынша 2438 әкімшілік шешім шығарылған. Оның ішінде 1267 кәсіпкерге 50,8 млн теңгеден астам айыппұл, ал 1171-іне ескерту берілді.

Электронды шот-фактураларды талдау да бағаны негізсіз қымбаттату фактілерін ашуға мүмкіндік берген. Мысалы:
– Батыс Қазақстанда бір кәсіпкер тұзды 55 теңгеден алып, 90 теңгеге сатқан (үстеме 63,6%);
– Ұлытау облысында «Шедевр» күнбағыс майы 22% үстемемен сатылған;
– Қостанайда кәсіпкер пиязға 50% үстеме қосқан.
Барлық жағдайда әкімшілік шаралар қолданылды.

Жыл басынан бері өңірлік комиссиялардың 960 отырысы өтіп, 2727 делдал және артық үстеме қосу жағдайы анықталған. 385 делдал жеткізу тізбегінен шығарылды.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, электронды шот-фактураларды бірлесіп талдау әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бүкіл айналымын бақылауға мүмкіндік беріп, 10 миллионнан аса жеткізу тізбегі сарапталған. Соның ішінде 914 заңбұзушылық қаупі анықталған.

Бұл мәліметтер саладағы баға тәртібін қадағалаудың күшейгенін көрсетеді және бағаның негізсіз өсуін ертерек анықтауға жол ашады.