Logo
Іздеу
Айдарлар

БҚО-дағы мемлекеттік колледжде жалған студенттер арқылы ондаған миллион теңге ұрланған

/
БҚО-дағы мемлекеттік колледжде жалған студенттер арқылы ондаған миллион теңге ұрланған
Сурет: ЖИ

Батыс Қазақстан облысындағы мемлекеттік колледжде жалған студенттерді тіркеу арқылы ондаған миллион теңге жымқырылғаны анықталды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, БҚО бойынша ҚМА департаменті білім беру саласында бюджет қаржысын жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
«Батыс Қазақстан индустриалдық колледжінің» директоры оқу процесіне мүлде қатыспаған 54 адамды жалған түрде студент ретінде тіркеген. Соған қарамастан, бұл тұлғалар құжаттарда белсенді студент ретінде көрсетіліп, оларға жалған бағалар қойылған, сабаққа қатысу табельдері мен үлгерім ведомостері рәсімделген, тіпті кей жағдайларда жоғары көлемде стипендия тағайындалған.

Жалған студенттердің атына банк шоттары ашылып, стипендиялық төлемдер сол шоттарға аударылып отырған.

«Банк карталары колледж директорына немесе оның тапсырмасымен басқа тұлғаларға беріліп, қолма-қол ақшаға айналдырылып отырған. Нәтижесінде директор 49 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған. Оған қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Сот санкциясымен оның пәтеріне тыйым салынды», – деп атап өтті агенттік.