Logo
Іздеу
Айдарлар

Сүйінші, ағайын! Асыға күттік! Бар қазақты қуантатын хабар мәлім болды

/
Сүйінші, ағайын! Асыға күттік! Бар қазақты қуантатын хабар мәлім болды
pixabay.com

Қазақстанда бала күтімімен айналысып, ресми жұмыс істемеген әкелердің декреттік демалыста өткізген уақыты енді зейнетақы есептеуде еңбек өтіліне қосылатын болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар бастама көтерген қауіпсіз еңбек жағдайларын жақсарту және жұмыскерлер құқығын қорғау жөніндегі заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Жұмыс істемейтін әкелердің бала күтіміне арнаған уақыты енді ресми түрде еңбек өтілі болып есептеледі. Бұл норма Еңбек кодексі мен "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекске енгізілетін түзетулер арқылы іске асады. Депутаттар нормаларды толық нақтылау үшін Әлеуметтік кодекске де өзгерістер енгізуді ұсынып отыр.

Сондай-ақ еңбек дауларын қарауда келісу комиссиясына тәуелсіз делдал тарту тәртібі бекітіледі. Өндірістік жарақаттың ауырлығын анықтау ережелерін енді уәкілетті денсаулық сақтау органы бекітетін болады. Бұл өзгерістер жұмыскерлердің құқықтарын қорғауға, еңбек қауіпсіздігін арттыруға және әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етуге бағытталған.