Logo
Іздеу
Айдарлар

Қоғам мен мемлекеттің ортақ міндеті ‒ ғылымды қолдау

/
Қоғам мен мемлекеттің ортақ міндеті ‒ ғылымды қолдау
Сурет: Рixabay

Ғылымның жолы ауыр болғанымен, нәтижесінде берері ұшан теңіз екені мәлім. Ол қоғамды ілгері дамытып, қозғаушы күші болатын бірден бір сала. Бүгінгі күннің игілігі ‒ ғалымдардың табанды еңбегі, сан мыңдаған кітап оқыған көзінің майы,  зертханада өткізген сағаттары мен мыңдаған сәтсіздіктерінің сәтті жемісі.

«Қай заманды алып қарасақ та, дамудың басты кілті бұл – ғылым. Адамзат тарихындағы жетістіктің барлығы – білімнің жемісі. Әсіресе қазіргі озық технология дәуірінде ғылымсыз алға басу мүмкін емес. Сондықтан мен ғылымды дамыту ісіне айрықша мән беріп отырмын», – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде.

Бүгінгі күні өміріміздің ажырамас бөлігіне айналған электр шамы, автокөліктер мен ұшақтар, тұрмыстық техникалар, интернет пен смартфондар, жылу, электр станциялары сияқты барлық игілік пен өмірімізді жеңілдетіп жатқан техника-технология құралдары ғылымның дамуынсыз болмас еді. Сондықтан елімізде бұқаралық ақпарат құралдары болсын, басқа да насихат көздері отандық ғылымды қолдап, ғалымдардың жетістігін паш етіп жариялап, айтып отыруы тиіс. 

Ғалымдарды қолдау үшін мемлекет тарапынан түрлі жұмыстар жасалынып жатыр. Ғалымдарға берілетін гранттар, стипендиялар, бағдарламалар бар. Бірақ біздің зерттеушілер қоғам тарапынан да демеуге лайықты. Еліміздің қалталы азаматтары, меценаттар, мәрт жандар тек мұқтаж адамдарға ғана емес, ғалымдардың зерттеуіне де қолдау білдіріп, демеушілік жасап отыруы үлкен көмек. Ол тек сол ғалым үшін ғана емес, мемлекеттегі ғылымның дамуына қосатын үлес.