Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Оқиға

Маңғыстауда ер адам полиция бекеті алдында өзін өртемек болды

Маңғыстауда ер адам полиция бекеті алдында өзін өртемек болды
Сурет: видеодан скрин

Бейнеу ауылында жергілікті тұрғын үстіне жанғыш сұйықтық құйып, полицияның бақылау-өткізу пункті жанында өзін өртемек болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Полицияның мәліметінше, оқиға алдында ер адам жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл алған. Біраз уақыттан кейін ол полиция бөліміне қайта келіп, тәртіп сақшыларының әрекетіне наразы екенін айтып, осындай қадамға барған.

Полицейлер дер кезінде араласып, оның өмірін сақтап қалды. Зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.