Logo
Іздеу
Айдарлар

Алматыда әкімшілік ғимарат өртеніп жатыр

/
Алматыда әкімшілік ғимарат өртеніп жатыр
Сурет: ТЖД

Алматы қаласының өрт сөндірушілері Медеу ауданы, Самал шағын ауданында орналасқан төрт қабатты әкімшілік ғимараттың шатырында шыққан өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қызыл жалынның төмендегі автотұраққа тарау қаупі болған. Өрт сөндірушілердің дер кезінде атқарған жұмысының арқасында бұл қауіп жойылды: бір жеңіл көлік қауіпсіз жерге көшірілді.

Сонымен қатар ғимараттан бір газ баллоны шығарылды. Бұл ықтимал жарылыстың алдын алуға мүмкіндік берді.

«Өртті сөндіру үшін су үздіксіз беріліп, бірнеше су оқпаны іске қосылған. Қазіргі уақытта өртті оқшаулау бойынша барлық шаралар атқарылып жатыр», -деп хабарлады ТЖД.

Оқиғаға қатысты қосымша мәліметтер анықталып жатыр, жағдай бақылауда.