Қырғызстанның ІІМ және Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) қызметкерлері билікті өзгертуге шақырған Социал-демократиялық партия (СДПК) жетекшілерін ұстады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Бұл туралы ҰҚМК баспасөз орталығы хабарлады.
ҰҚМК нақтылауынша, ұсталғандардың қатарында елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың ұлы Қадыр Атамбаев және оның жақтастары бар. Олардың барлығы Қырғызстандағы қазіргі билік құрылымын құлатуға шақырғаны айтылады.
Аталған дерек бойынша тергеу жалғасып жатыр.