Logo
Іздеу
Айдарлар

"Алланың қалауымен..." – Ақбота Керімбекова көпшілікке қуанышты жаңалығын жеткізді (ВИДЕО)

/
"Алланың қалауымен..." – Ақбота Керімбекова көпшілікке қуанышты жаңалығын жеткізді (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Әнші Ақбота Керімбекова алдағы жылы жеке концертін ұйымдастыратынын мәлімдеді. Өнер иесі бұл кешті өзінің 50 жас мерейтойына арнамақ, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ол шығармашылыққа толық ден қою үшін Астанаға арнайы қоныс аударғанын атап өтті.

"Келер жылы Алланың қалауымен елу жасқа толамын. Өнер адамдары белгілі бір белеске келгенде халық алдында есеп беру үшін шығармашылық кеш өткізеді. Менің де арманым – ел аралап, көрерменнің алғысын алу. Сол үшін елордаға шығармашылықпен айналысу мақсатында келдім. Арман қойсаң, мақсат қойсаң – бәрі орындалады", – деді ол Jibek Joly арнасындағы "Bugin Live" бағдарламасында.