Logo
Іздеу
Айдарлар

"Зеленский елден қашып кетеді": Украина президенті жайлы сұмдық хабар тарады (ВИДЕО)

/
"Зеленский елден қашып кетеді": Украина президенті жайлы сұмдық хабар тарады (ВИДЕО)
Getty Images / Anadolu/Diego Radames. Суретте: Владимир Зеленский

АҚШ Пентагонының бұрынғы кеңесшісі Дуглас Макгрегор Украинадағы күрделі жағдай мен билік дағдарысы Владимир Зеленскийдің Киевтен қашып кетуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы ол Deep Dive атты YouTube арнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Макгрегордың айтуынша, қазіргі украин билігі елді күйретіп, оны "үйіндіге" айналдырып жатыр.

"Бұл адамдар Украинаны басқарып отыр және оны күйретіп жатыр. Оларға қанша ақша берсеңіз де, бір сәтте жоқ болады. Ал Зеленский елден қашып кетуі әбден мүмкін", – деді ол.

Эксперттің пікірінше, Батыс бөлген қаржының басым бөлігі украин билігі арасында жемқорлық схемаларға сіңіп кеткен.

"Украина армиясы да, қоғамы да жемқорлыққа белшеден батқан. Украинаға не жіберсеңіз де – ұрланады немесе рәсуа болады", – деді ол.

Өткен аптада Украина парламентінің депутаты Алексей Кучеренко да үкіметті елді "ұлттық апатқа" әкеп соқтырды деп айыптаған болатын. Оның айтуынша, қазіргі билік "жұмыс істей алмайды, жемқорлыққа батып кеткен және кез келген дағдарысты шешуге қауқары жоқ".