Logo
Іздеу
Айдарлар

Астанада жоғалып кеткен 14 жастағы қыздың денесі өзеннен табылды

/
Астанада жоғалып кеткен 14 жастағы қыздың денесі өзеннен табылды
Сурет: видеодан скрин

24 қараша кешкісін, шамамен 18:30-да қыз үйден шығып кетіп, байланысқа шықпай қалған. Ата-анасы сағат 21:00-де полицияға арыз берген. Өкінішке қарай, олар қызын тірідей көре алмады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқиға орнынан түсірілген видеоны куәгер әлеуметтік желіде жариялады.

Құқық қорғаушылар барлық жеке құрамды, еріктілерді жұмылдырды. Қызды тұрғын үйлердің аумағынан және су айдындарының бойынан іздеді. Бірнеше сағаттан кейін оның денесі өзеннен табылды.

Ол қайтыс болған. Қазір Астана Полиция департаменті бұл оқиғаны суицид ретінде тергеп жатыр.