Ақмола облысында ішінде 24 млн теңге жатқан Mercedes ұрланды – көлік те, күдіктілер де үш күннен кейін табылды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Аршалы ауданында кәсіпкер полицияға көмекпен жүгінген. Оның Mercedes-Benz көлігі салондағы 24 млн теңгемен бірге жоғалып кеткен.
Іздеу жұмысына облыс пен астананың патрульдік экипаждары жұмылдырылды – олар трассаларды, ықтимал бағыттарды және бейнебақылау камераларының жазбаларын тексерді. Осы тексерістер жедел уәкілдерді күдіктілердің ізіне түсірді. Үш күн ішінде Қызылорда облысының 27 және 29 жастағы екі тұрғыны ұсталды.
Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, ер адамдар қамауға алынды.