«Нұр-Мұқасан» тобының жаңа солисі Ғалымжан Сүлейменге шабуыл жасады деген күдікпен әнші Мұқасан Шахзадаев ұсталды. Бұл туралы жәбірленушінің адвокаты Инга Иманбай мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ғалымжан қазір ауруханада ауыр жағдайда жатыр. Ол мұрнына ота жасатқан. Адвокаттың айтуынша, әншінің мұрны мен қолы сынған, бетінде қатты ісік пен гематомалар бар.
Сүлейменнің айтуынша, Шахзадаев топтың әндеріне авторлық құқыққа байланысты дау туындағаннан кейін бірнеше ер адаммен бірге оған шабуыл жасаған. Оны сөзге шақырғандай етіп кездесуге алып барған, бірақ барған жерінде төбелес басталған.
Музыкант кетіп қалмақ болған, алайда оны соққыға жыққан.
«Сарапшылар жарақаттың ауырлығын анықтайды. Шахзадаевқа келсек, оны кеше ұстады. Полиция шамамен жиырмаға жуық туысынан сұрақ-жауаб алып үлгерді», — деді Иманбай.
Инга Иманбай қылмыстық істі ҚР ҚК 107-бабының 2-бөлігі бойынша — «Алдын ала сөз байласқан адамдар тобының орташа ауырлықтағы дене жарақатын қасақана келтіруі» бабы бойынша тергеуді талап етіп отыр. Бұл бап бойынша үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Бұған дейін Ғалымжан Сүлеймен шабуылдан кейін полицияның белгісіз себеппен күдіктілерді ұстамай, керісінше өзін бөлімшеге апарғанын айтқан еді.