Шымкентте бұрынғы жұбайлар некедегі тойда алынған сыйлықтардың кімге тиесілі екенін сот арқылы анықтамақ болды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Әйелдің айтуынша, бұрынғы күйеуі құны 2,4 млн теңге болатын сыйлықтарды қайтармаған, сондықтан олардың ақшалай құнын өтеп беруді талап еткен.
Бірінші инстанциядағы сот оның талабын қолдап, ер адамнан көрсетілген соманы толық өндіріп алуды, сондай-ақ шығындар мен мемлекеттік бажды төлеуді міндеттеген. Алайда апелляциялық кезеңде тараптар дауды өзара келісіммен шешуге келісып, медиацияға жүгінген.
Келіссөз нәтижесінде әйел талап-арыздан бас тартты, ал ер адам өзінде қалған заттар үшін екі апта ішінде 200 мың теңге көлемінде өтемақы төлеуге келісті.