Logo
Іздеу
Айдарлар

Зеленскийдің шешімі: Ол соғыстан қашқан президенттерден үлгі алды ма?

/
Зеленскийдің шешімі: Ол соғыстан қашқан президенттерден үлгі алды ма?
t.me/V_Zelenskiy_official. Суретте: Владимир Зеленский

Соңғы 80 жылда соғыс басталған сәтте елінен қашып кеткен мемлекет басшыларының мысалдары аз емес. Көпшілігі қақтығыстың алғашқы күнінде немесе астана құлар алдында қауіпсіз аймаққа ұшып кеткен. Бірі бұл қадамды өз қауіпсіздігімен, енді бірі шет елден саяси күресті жалғастыру қажеттілігімен түсіндірген, деп жазады Arasha.kz.

Мәселен, Ауғанстан президенті Ашраф Ғани 2021 жылы Кабул құлаған күні елден қашып шыққан. Дәл осындай жағдай Вьетнамда да болды: Оңтүстік Вьетнам президенті Нгуен Ван Тхиеу 1975 жылы Сайгон құлауға бір апта қалғанда елден кетіп, астанаға шабуыл күшейген кезде билікті формалды түрде ғана тапсырған.

Камбоджада Лон Нол 1975 жылы "Қызыл кхмерлер" Пномпеньге басып кірердің алдында он күн бұрын жоғалып кеткені белгілі. Ал Кувейт әмірі Ирак әскері шекара асқан күні шетелге кетіп, бұл қадамды "сырттан қолдау іздеу" мақсатымен түсіндірген. Мұндай мысалдар әлем тарихында жиі кездеседі.

Қалай десек те, елде қантөгіс, дағдарыс болып жатқанда көшбасшының елден кетуі халықтың сеніміне үлкен соққы екені жасырын емес.

Осының аясында Украина президенті Владимир Зеленскийдің таңдауы ерекше. 2022 жылы Ресей әскері Киевті бетке алған кезде Батыс елдері Зеленскийді қауіпсіз жерге эвакуациялауды ұсынған. Алайда ол астанада қалып, күресті халықпен бірге жалғастырды. Президент тобы мүшелерімен бірге Киев көшелерінен видеоүндеу жазып, "Біз осындамыз" деп елдің рухын көтерді.

Зеленскийдің әлемге тараған "Маған көлік емес, оқ-дәрі керек" деген сөзі сол сәтте батылдықтың символына айналды. Ол отанымен бірге қалып, ауыр кезеңде елден қашпау туралы шешім қабылдады.

Осы тұрғыдан алғанда, Зеленскийдің әрекеті – қандай да құрметке лайық қадам. Соғыстың ең қиын кезеңінде ел басшысының кадрдан көрінуі украин қоғамының да, сыртқы әлемнің де сенімін нығайтты.