Logo
Іздеу
Айдарлар

Инфекционистер алаңдаулы: құс тұмауы COVID-19-дан да қауіпті болуы мүмкін

/
Инфекционистер алаңдаулы: құс тұмауы COVID-19-дан да қауіпті болуы мүмкін
Сурет: Рixabay

Франциядағы Пастер институтының Тыныс жолдары инфекциялары орталығының директоры Мари-Анн Рамейкс-Вельти құс тұмауы адамзат үшін COVID-19-дан да қауіпті пандемия тудыруы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

The Poultry Site мәліметінше, адамдарда маусымдық H1 және H3 тұмауына қарсы антиденелер бар, бірақ H5 құс тұмауына қарсы қорғаныс жоқ. COVID-19 пандемиясының басында да осындай жағдай болды, алайда ол кезде негізінен халықтың осал топтары зардап шеккен еді. Ал тұмау вирустары дені сау адамдарды, соның ішінде балаларды да өлтіруі мүмкін.

Рамейкс-Вельти құс тұмауы пандемиясы COVID-19-дан да ауыр болуы ықтимал деп есептейді.

«Вирустың сүтқоректілерге, әсіресе адамға бейімделіп, адамнан адамға жұға алатын деңгейге жетуі мүмкін деген қауіп бар. Сонда бұл вирус пандемиялық сипат алады», – деді ол.

Сонымен қатар сарапшы әлем бұл қатерге коронавирус кезіндегіден жақсырақ дайын екенін атап өтті.

Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының ғылыми бөлімін басқаратын Грегорио Торрестің айтуынша, адамдар арасында жаһандық пандемия қаупі әлі де төмен деңгейде тұр. Ол қазіргі уақытта алаңдауға себеп жоқ екенін, адамдардың табиғатта еркін жүріп, тауық еті мен жұмыртқаны қауіпсіз түрде тұтына алатынын айтты.

Бұған дейін 580-нен астам қазақстандықтың «гонконг тұмауына» шалдыққаны хабарланған еді.