Logo
Іздеу
Айдарлар

Қазақстандық ерлі-зайыпты Сиднейдегі казиноны 1 миллион доллардан аса қаржыға алдап кеткен

/
Қазақстандық ерлі-зайыпты Сиднейдегі казиноны 1 миллион доллардан аса қаржыға алдап кеткен
Сурет: Рixabay

36 жастағы Дилноза Исраилова мен 44 жастағы күйеуі Алишериходжа Исраилов «Crown Sydney» казиносынан жасырын камера мен арнайы құлаққаптар арқылы 1,18 миллион доллардан астам ұтып, алаяқтық жасады деген айыпқа ілінді, деп хабарлайды Arasha.kz.

The Guardian басылымының жазуынша, жұп 2025 жылдың қазан айында Қазақстаннан Сиднейге барған. Сол күні-ақ олар Crown казиносының мүшелік карталарын рәсімдеген. Қазан мен қараша айлары ерлі-зайыптылар казиноға бірнеше рет келіп, жалпы сомасы 1,18 миллион доллар ұтқан. Мұншалықты жиі жеңіске жету казино әкімшілігінің күдігін тудырған.

27 қарашада казино қызметкерлері Микки Маус суреті бейнеленген футболка киген әйелден шағын жасырын камера байқап, полиция шақырған. Дилноза Исраилова мен оның күйеуі казино залында ұсталды.

Тергеушілердің айтуынша, олардың жанынан магнитті шағын датчиктер, батареялар және камераны ойын үстелдерін көзге түспей түсіруге мүмкіндік беретін арнайы бекіткіші бар мобильдік телефон табылған. Полиция сондай-ақ телефонға арналған қолдан жасалған айна тәрізді құрылғыны да анықтаған.

Жаңа Оңтүстік Уэльс полициясының нұсқасы бойынша, схема былай жұмыс істеген: ерлі-зайыптылардың телефондық камералары үстелдегі карталарды түсіріп отырған, ал құлақ түтігінің тереңіне жасырылған миниатюралық құлаққаптар арқылы олар карточкалық ойындарда қандай ставка жасау керегін айтып отырған нұсқауларды алған.

Казиноға жақын орналасқан олардың тұратын жерін тінту кезінде полицейлер құмар ойындарға қатысты басқа заттарды, қымбат зергерлік бұйымдарды және 2000 еуро қолма-қол ақшаны тапқан.

Жұма күні ерлі-зайыптыларды қамауда ұстау мәселесін қарау үшін сотқа алып келді. Олар кепілмен босатуды сұрамады және қамауда қалдырылды. Дилноза Исраилова ақпанда қайта сотқа келуі тиіс, ал күйеуі Алишериходжа Исраилов 11 желтоқсанда Даунинг орталығының сотында тыңдауға шығарылады.