Logo
Іздеу
Айдарлар

Журналист Гүлнар Бажкенова үй қамаққа алынды

/
Журналист Гүлнар Бажкенова үй қамаққа алынды
Сурет: видеодан скрин

1 желтоқсан кешінде сот Гүлнар Бажкеноваға екі ай мерзімге үй қамаққа алу туралы қаулы шығарды. Бұл туралы адвокат Мұрат Адам мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Кеше Алматы мен Астанадағы Orda.kz сайтының кеңселерінде, сондай-ақ бас редактордың үйінде тінту жүргізілді. Күштік құрылым өкілдері ғимаратқа басылымның заңгерлерін кіргізбеген.

Одан бөлек, полиция «Орда» басылымының шеф-редакторын, Алматы редакциясының шеф-редакторын, жаңалықтар редакторын және бухгалтерін тергеуге алып кеткен. Қызметкерлердің телефондарын тәркілеген. Алматыдағы кеңседе бас редактордың кабинетінде тұрған сейфті бұзып, жалақы қорындағы ақшаны алып кеткен.

Оңтүстік астана полиция департаменті «жалған ақпарат тарату фактілері» бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. 

Редакция төңірегіндегі оқиғалардан кейін халықаралық «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қоры арнайы мәлімдеме жасады. Ұйым бұл жағдайға қатты алаңдаушылық білдірді.