Logo
Іздеу
Айдарлар

Алматы – Бішкек тасжолында жол апатынан жеті адам қаза тапты

/
Алматы – Бішкек тасжолында жол апатынан жеті адам қаза тапты
Сурет: ашық дереккөзден

Алматы – Бішкек автожолының 129-шы километінде болған жол апаты дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Алматы облысының полиция департаменті 129-шы километрде болған жол апаты фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, «Honda Odyssey» автокөлігінің жүргізушісі алда келе жатқан «HOWO» жүк көлігінің тіркемесіне соқтығысты. Жол апаты салдарынан жеңіл көлікте болған барлық жеті адам, соның ішінде жүргізуші де алған жарақаттарынан қаза тапты», – деп хабарлады Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде.