Logo
Іздеу
Айдарлар

Парламенттік реформа – саяси жаңғырудың жаңа кезеңі

/
Парламенттік реформа – саяси жаңғырудың жаңа кезеңі
Фото: ашық дереккөзден алынды

Қазақстанда парламенттік реформа жасауға дайындық қызу жүріп жатыр. Алғаш бұл реформа туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жолдауында айтқан еді.

«Елімізде парламенттік реформа мәселесі кемінде жиырма жылдан астам уақыт бойы айтылып келеді. Осы мәселе ашық та, жабық та талқыланып жүргені ешкімге құпия емес. Бұл тақырып әлі күнге дейін өзекті болып отыр. Сондықтан мемлекеттік жүйе дамып, азаматтарымыздың саяси мәдениеті өсіп келе жатқанын ескере отырып, бұл мәселені халықтың талқысына салу айрықша маңызды деп санаймын», - деген еді президент жолдауда.

Жолдаудан соң, парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы құрылды, алғашқы отырысы өтті. Президент жұмыс тобының алғашқы отырысына қатысып, реформаны маңыздылығына және оның елде жүріп жатқан саяси реформалардың заңды жалғасы екені туралы баса айтты.

Бұл жерде айрықша тоқталатын жайт, парламенттік реформаға қатысты өзгерістер референдум арқылы жалпыхалықтық таңдауға шығарылатыны және мемлекеттік онлайн платформалар арқылы кез келген азаматтың осы реформаға қатысты пікір жазып, жібере алатыны және оның ескерілетіні болып отыр. Сондай-ақ, парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы мүшелерінің алуан түрлі сала мамандары мен сарапшылардан құралуы да қоғамның барлық тарабының көзақарасы, пікірі есепке алынатынын көрсетеді.

Мәселен, парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі, мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің президент  Қасым-Жомарт Тоқаевқа жұмыс тобының аралық нәтижесі туралы баяндаған сөзінде бір айдың ішінде азаматтар мен қоғам белсенділері тарапынан 300-ге жуық ұсыныс келіп түскенін мәлімдеді. Бұл цифрлар қоғамның парламенттік реформаға белсенді азаматтық позициясы ұстанып, талқылауға ықыластана қатысып жатқанын білдіреді. Сондықтан әділетті Қазақстан орнату жолындағы саяст реформалардың ішіндегі ең ауқымдысы – парламенттік реформаны уақыт талабынан туындаған әрі қоғамда бұл өзгерістер ұзақ сұраныс негізінде талқыланып келген уақытылы әрі ел дамуына қажет іс болып отыр.